Спорт • 20 Қыркүйек, 2021

Қазақстандық гандболшылар Азия Чемпионатының жартылай финалына шықты

392 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Иорданияда гандболдан әйелдер арасындағы 18-ші Азия чемпионаты жалғасуда, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандық гандболшылар Азия Чемпионатының жартылай финалына шықты

Аsianhandball.org мәлім еткендей, қазіргі уақытта командаларға кіші топтарда қорытынды матчтарды өткізу қалды.

«А» тобында өнер көрсететін Қазақстан құрамасы жоспарланған төрт ойынның үшеуін ойнап, барлығында жеңіске жетті.

19 қыркүйекте қазақстандық гандболшылар Өзбекстан құрамасын 31:18 есебімен талқандады. Бұл жеңіс біздің спортшыларға Азия біріншілігінің жартылай финалына мерзімінен бұрын шығуға мүмкіндік берді.

Бірақ турнир кестесінде қазақстандық спортшылардың қай жерден шығатыны әлі анықталған жоқ. Олар кіші топтағы көшбасшылықты кореялықтармен бөліседі. Бұл командалар 21 қыркүйекте қорытынды турда кімнің мықты екенін анықтау үшін кездеседі. Осы матчтың жеңімпазы «В» кіші тобында екінші орын алатын ұжыммен кездеседі.