Аймақтар • 20 Қыркүйек, 2021

ШҚО-да шектеу шаралары 4 қазанға дейін ұзартылды

305 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысында карантиндік шектеулер 4 қазанға дейін ұзартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ШҚО-да шектеу шаралары 4 қазанға дейін ұзартылды

ШҚО Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды. Онда жазылғандай, өңір бойынша карантин 4 қазанға дейін ұзартылды.

Шектеу шараларының мерзімі облыс аумағында COVID-19 инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.

Бүгінде CОVІD-19 жұқтырған науқастарды емдеуге арналған инфекциялық стационарлардағы төсек қорының толтырылу деңгейі – 17,3%. Облыс бойынша инфекцияның репродуктивтік R саны – 0,844.

Осы ретте, ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті халықты карантин талаптары мен республикалық, облыстық Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлердің қаулыларындағы барлық шектеулерді сақтауға шақырады.