Қазақстан • 20 Қыркүйек, 2021

Қазақстанда Мемлекеттік Думаға сайлауда 300-ден астам ресейлік дауыс берді

412 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласында ұйымдастырылған учаскелерде РФ Мемлекеттік Думасына сайлауға 334 сайлаушы келді, деп хабарлады Egemen.kz Қазақстандағы Ресей елшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанда Мемлекеттік Думаға сайлауда 300-ден астам ресейлік дауыс берді

«Дауыс беру күні аяқталды, дауыстар есептелді. Нұр-Сұлтандағы екі сайлау учаскесіне 334 адам келді», делінген ведомство хабарламасында.

Дипломатиялық миссия белсенді азаматтық ұстанымды көрсеткен және Мемлекеттік Дума депутаттарын сайлауда дауыс берген барлық отандастарына алғыс айтты.

Жексенбі күні Қазақстан астанасында, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қарағанды облыстарында тұратын Ресей Федерациясының азаматтары үшін Нұр-Сұлтанда Ресей Ғылым және мәдениет орталығының базасында екі сайлау учаскесі ашылды.

Сонымен қатар, Алматы, Приозерск, Орал және Өскеменде де сайлау учаскелері ашылды.