Экономика • 20 Қыркүйек, 2021

Қарабатанға пропан жеткізбек

319 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы мен «Теңізшевройл» серік­­тес­тігі Қарабатандағы полипропилен өндіретін зауытқа Теңіз кен орнынан пропан жеткізу туралы келісімшартқа отыр­ды.

Қарабатанға  пропан жеткізбек

Полипропилен өндіретін зауыт – елімізде қолға алынған ірі жо­ба­лардың бірі. Кешен құ­ры­лы­сы Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назар­баевтың тапсырмасымен басталған болатын. Қазіргі уа­қыт­та зауыт 90 пайызға дайын. Осы жылдың соңына дейін құ­ры­лысы аяқталады деп күтілуде.

Қол қойылған құжатқа сәйкес «Теңізшевройл» ЖШС полипропилен өндіретін зауытқа шикізат жеткізіп тұрады. Оның көлемі жыл сайын 550 мың тонна пропан фракциясын құрайды. Ал газ жеткізу темір жол арқылы жүзеге асы­рылады. Зауытта шикізат про­панды сутексіздендіру қон­дыр­ғысында, пропилен шығара оты­рып өңделеді. Одан кейін полимерлеу қондырғысында дайын өнім – түйіршіктелген полипропилен алынады.

– Теңіз кен орнынан пропан алу ірі жобаны іске асыруда үлкен маңызға ие. Биыл­дың өзінде салынып жат­қан газ-химия кешені шикі­зат­тың алғашқы партиясын қабылдап алады. Заманауи зауыт­тың құрылысы аяқталуға жа­қын қалды. 2022 жылдың бірін­ші тоқсанында біз іске қосу мен реттеу жұмыстарын бас­тау­ды жоспарлап отырмыз. «ҚазМұнайГаз» және «Те­ңіз­шев­ройл» компаниялары он жыл­дан бері тығыз жұмыс істеп ке­леді. Қол қойылған құжат  –ұзақмерзімді әрі тұрақты серік­тес­тігімізді одан әрі жалғас­ты­ра­тынымыздың айқын дәлелі, – дейді «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Алик Айдарбаев.

Келісімшартқа қол қою рәсі­мі­не Chevron корпо­ра­ция­сы Еу­разиялық бизнес бөлімшесінің бас­қарушы директоры Джон Балтц та қатысты.

– Бұл – Қазақстан мұнай-хи­мия саласын қолдау жөнін­де­гі біздің бірлескен күш-жі­ге­­рі­мізді нығайтуға қызмет ететін «Теңізшевройл» мен «ҚазМұнайГаз» арасындағы серік­­тестіктің маңызды кезеңі. Біз Қазақстанның мұнай-химия сала­сының болашағына сеніммен қарай­мыз. Елдің өндірістік және экономикалық дамуына одан әрі ықпал ететін жобалар бойынша Энергетика министрлігімен және «ҚазМұнайГазбен» тығыз ынты­мақтастыққа құрыл­ған жұ­мысымызды жалғас­ты­ратын бо­ламыз, – дейді «Теңіз­шев­ройл­дың» бас директоры Кевин Лайон.

Еске сала кетейік, полип­ро­пилен өндіретін зауыт Қазақ­стан­дағы толықтай цифр­лан­ған алғашқы кәсіпорын болмақ. Бұл өз кезегінде зауыттағы барлық процесті Атырау қаласынан қашықтан басқаруға мүмкіндік бе­реді. Барлық физикалық жұ­мыс­ты роботтар атқарады. Ал про­­цесті «ақылды» цифрлы бей­небақылау арқылы операторлар басқармақ.

Бұдан бөлек, кәсіпорында су үнемдеу технологияларының пайдаланылатынын атап өткен жөн. Зауытта суды салқын­да­тудың тұйық циклы қолда­ны­­лады. Яғни барлық ағын су тазартудан өтіп, зауытқа тұз­сыз­дандырылған, минерал­сыз­дандырылған, өртке қарсы пайдаланылатын су түрінде қай­та­ры­лады. Бұл жалпы суды пайдалану көлемін едәуір азайтады.

Жобаны іске асыруға барлы­ғы 3 500 адам және 100-ге жуық техника жұмылдырылған. Кәсіп­орын пайдалануға берілгеннен ке­йін 600-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады.

Зауыт полипропиленге деген ішкі сұранысты өтеп қана қоймай, өз өнімін экспортқа да шығармақ. Жалпы, зауыт өндіретін өнім келешекте құры­лыс материалдары өндірісі, авто­мобиль өнеркәсібі сияқты ара­лас салалардың дамуына және жер­гі­лікті қамту үлесін ұлғай­ту­ға септігін тигізбек.

Зауыт жылына 550 мың тон­наға дейін полипропилен өнді­руге мүмкіндік беретінін атап өткен жөн. Бастапқы кезең­де полипропиленнің 11 түрі шы­ғарылады деп жоспарланып отыр. Болашақта өнім түрі 65-ке дейін ұлғайтылады. Полипропилен машина жасау, медицина саласында, электр техникасы, құбыр мен тұр­мыстық техника шығаруда кеңі­нен қолданылады. Мысалы, по­лип­ро­пиленнің 500 мың тоннасынан 254 млрд медициналық бетперде немесе 3 145 шақырым полип­ропилен құбырын шыға­ру­ға болады.