Қазақстан • 21 Қыркүйек, 2021

Қазақстан Ауғанстанға бидай мен ұн жібереді

579 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет отырысында қазақстандық бидай мен ұн қай елдерге жеткізілетіні айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

Қазақстан Ауғанстанға бидай мен ұн жібереді

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Үкімет отырысында атап өткендей, аталған дақылдардың жалпы түсімінің болжамды көлемі шамамен 16 миллион тоннаны құрайды, орташа өнімділігі 10,1 ц/га.

«Өткен жылдардың ауыспалы қалдықтарын ескере отырып, дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар өндірісінің болжамды көлемі елдің ішкі қажеттіліктерін толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жаңа маусымда қазақстандық бидай мен ұнның негізгі жеткізілімдері дәстүрлі нарықтарға бағытталады: Орта Азия елдері, Иран және Ауғанстан. Астықтың жоғары сапасы есебінен Қытайға бидайдың жөнелтілуі артуы мүмкін», деді Ауыл шаруашылығы министрі.

Ведомствоның мәліметінше, республика бойынша барлығы 15,1 миллион га дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар немесе олардың жалпы алаңының 95% жиналды, ал өткен жылы 14,5 миллион га немесе 91,5% жиналды.