Спорт • 21 Қыркүйек, 2021

Велошабандоздардың әлем чемпионаты басталды

175 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бельгияның Фландрия өңірінде велоспорттан (шоссе) әлем чемпионатының жалауы желбіреді. Бұл жарыста 11 жүлде жиынтығы сарапқа салынуда, деп хабарлайды Egemen.kz.

Велошабандоздардың әлем чемпионаты басталды

Айтулы жарыстың тұсауы сонау 1921 жылы кесілді. Сол кезден бері үздіктер сайысын жер жаһандағы көптеген мемлекеттер қабылдады. Соңғы бәсеке былтыр Италияның Имола қаласында өтті. Коронавирус дертінің өршіп тұруы салдарынан Апеннин түбегіндегі әлем чемпионатына қатысушылар небары төрт медаль жиынтығы үшін таласты. Сол бас жүлденің екеуін Нидерландтың мақтанышы Анна Ван дер Брегген жеңіп алса, қалған екі алтынды франциялық Жюлиан Алапфилипп пен италиялық Филиппо Ганно олжалады.

Биыл 100 рет ұйымдастырылып отырған дүбірлі доданың алғашқы медальдары да өз иелерін тапты. Ерлердің 43,3 шақырымдық сайысында италиялық Филиппо Ганна алдына жан салмаса, Бельгияның қос қыраны – Ваут ван Арт пен Ремко Эвенепул жүлдегерлер қатарынан көрінді. Қазақстандық велошабандоздар арасында ең үздік нәтижеге Дмитрий Груздев қол жеткізді. Ол 31-орынды қанағат тұтты.

Әйелдер бәсекесінде нидерландтық Эллен ван Дейк дара шықса, топтық жарыста даниялық Йохан Прайс-Петерсен озды.