Аймақтар • 21 Қыркүйек, 2021

Екібастұзда бірнеше зауыт салынады

615 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Үкімет отырысында Екібастұзды дамыту мақсатында қандай зауыттар салынатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Екібастұзда бірнеше зауыт салынады

«Өнеркәсіпте 400 га индустриалды аймақ құру, ферроқорытпа, техникалық кремний, металлургиялық көмір электродтары, темір жол үшін соғылған бұйымдар шығаратын зауыттар салу жоспарлануда», деді Әсет Ерғалиев.

Министрдің айтуынша, көмір өндірудің автоконвейерлік технологиясына көшу көзделіп отыр.

«АӨК-де жылыжайлар алаңы 30 га-дан 60 га-ға дейін кеңейтіледі, нан-тоқаш және макарон өнімдерін шығаратын кешендер, 2 бордақылау алаңы салынады, сондай-ақ суармалы жерлерді 10 мың га-ға ұлғайту көзделген. Энергетика саласында жалпы қуаттылығы 1136 МВТ болатын 2 энергоблок салынады», деді Әсет Ерғалиев.