Аймақтар • 21 Қыркүйек, 2021

Жамбыл облысында педофиль ұсталды

632 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысында он екі жасар қыздың зорланғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жамбыл облысында педофиль ұсталды

Жамбыл облысында он екі жасар қызды 35 жастағы ер адамның зорлағаны туралы ақпарат тарады. Жаға ұстататрлық жайт Меркі ауданында орын алған.

Тараған мәліметте күдіктінің мектеп оқушысымен Instagram әлеуметтік желісінде танысқандығы айтылуда.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше , Жамбыл облыстық балалар ауруханасына Меркі ауылының кәмелетке толмаған тұрғыны жүгінгені туралы хабарлама түскендігін айтты.

«Сотқа дейінгі тергеу аясында бірқатар тергеу әрекеттері мен қажетті сараптамалар жүргізілді. Аталған дерекке қатысты Меркі АПБ ҚР ҚК 120-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. ҚР ҚІЖК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде істің мән-жайы жария етілмейді», делінген ведомство хабарламасында.