Әлем • 21 Қыркүйек, 2021

Сальвадор президенті өзін «Әлемдегі ең керемет диктатор» атады

360 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сальвадор президенті Найиб Букеле Twitter-дегі ресми аккаунтының сипаттамасын өзгертіп, өзін «Әлемдегі ең керемет диктатор» ретінде таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сальвадор президенті өзін «Әлемдегі ең керемет диктатор» атады

Бастапқыда бұл өзгерісті көпшілік хакерлердің  әрекетіне балады. Бірақ Букеле сипаттамадағы мәтінге қарамастан биткоиндер туралы жазбаларын жариялауды жалғастыра берген. Егер естеріңізде болса, бұған дейін Сальвадор биткоин криптовалютасын ресми төлем құралы деп таныған әлемдегі бірінші ел екенін хабарлаған едік. 

Ел тұрғындары жақында мемлекет басшысының осы секілді өзге де саясатына қарсы жаппай шаралар өткізді.

Букеле өзінің сыншыларын келеке ету үшін «диктатор» сөзін әдейі қолдануы да мүмкін. 

ак

Әзірге мемлекет басшысының әкімшілігі бұл мәселе бойынша түсініктеме бермеді. 

Ал елдегі оппозициялық Nuestro Tiempo партиясының депутаты Джонни Райт Сауль Букеленің профиль сипаттамасын бұлайша өзгертуін «баланың ісі» деп санайтынын айтты.