Әлем • 21 Қыркүйек, 2021

Ауғанстанның уақытша үкіметіне екі жаңа министр тағайындалды

198 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауғанстанда билікті басып алған радикалды «Талибан» қозғалысы елдің уақытша үкіметіне екі жаңа министр тағайындады. Бұл туралы Кабулда өткен баспасөз конференциясында тәліптердің өкілі, ақпарат және мәдениет министрінің орынбасары Забихулла Муджахид мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Ауғанстанның уақытша үкіметіне екі жаңа министр тағайындалды

«Панджшир провинциясынан кәсіпкер Нұриддин Азизи сауда министрі болып тағайындалды. Оның орынбасары - багландық кәсіпкер Мохаммад Башир. Доктор Галандар Ибад денсаулық сақтау министрлігін басқарады», деді «Талибан» қозғалысының өкілі  Ariana News телеарнасындағы тікелей эфирде.

Сонымен қатар, радикалдар атақты саясаттанушы Назар Мұхаммед Мутмаинді Ауғанстан Ұлттық Олимпиада комитетінің басшысы етіп, инженер Наджибулланы атом энергиясы жөніндегі мемлекеттік агенттіктің басшысы етіп тағайындады.

Сонымен қатар, Американың Гуантанамо түрмесінде болған тәліптердің дала командирі Абдул Каюм Закир қорғаныс министрінің орынбасары болды.