Бүгін Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың қатысуымен Палата жанындағы Жас сарапшылар клубының кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алтыншы рет ұйымдастырылып отырған отырыста қатысушылар азаматтық қоғамның даму үрдісі мен еліміздегі медиа саласының болашағы туралы сөз қозғады.
Кездесуге Қазақстанның Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, Клуб мүшелері және арнайы шақырылған сарапшылар қатысты.
Отырысты ашқан Мәулен Әшімбаев Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың азаматтық және саяси саладағы негізгі бастамасы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында билік пен қоғамның тұрақты диалогын жолға қоюға және мемлекетті басқаруға азаматтық қоғамның қатысуын арттыруға арналған жүйелі реформалар қолға алынғанына назар аударды.
Сенат Спикері қазіргі таңда елімізде қоғамдық-саяси салада кезең-кезеңімен жүргізіліп жатқан реформалар жалғасып отырғанын айтты.
«Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында маңызды міндеттер белгіленді. Біріншіден, ауылдық жерлерде азаматтық бастамаларды қолдаудың тиімді тетігін әзірлеу міндеті қойылды. Екіншіден, Мемлекет басшысы депутат мандатын бөлу кезінде әйелдер мен жастар үшін 30 пайыздық квотаны міндетті түрде ескеру туралы норманы заңмен бекітуді тапсырды. Үшіншіден, ерекше қажеттілігі бар азаматтарға да квота белгілеу керектігі айтылды. Мұндай қадамдар халықтың әртүрлі топтарының азаматтық құқықтарын ескеретін инклюзивті қоғам құруға ықпал етері сөзсіз», деді Сенат Төрағасы.
Клуб отырысында талқыланған маңызды мәселелердің бірі медиа саласына қатысты болды. Мәулен Әшімбаев пандемия кезеңінде медиакоммуникацияның ерекше рөл атқарғанын назарға алды.
«Пандемия кезеңінде нақты мәліметтер мен тексерілген ақпараттардың тапшылығы байқалды. Сондықтан адамдар ақпарат көздеріне мұқият мән беріп, беделді медиаларға ғана басымдық берді. Бұдан сапалы жаңалықтар тарататын журналистика пайда көрді. Нәтижесінде, әлемнің жетекші құралдарының оқырмандары көбейіп қана қоймай, олардың ақылы ақпарат қоры да арта түскен», деді Палата Төрағасы.
Сонымен қатар Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, ресми ақпарат көздеріне деген сенімсіздік фейк-ньюсдердің және әртүрлі конспирологиялық теориялардың көбеюіне әкеліп соқтырған.
«Қазіргідей ақпараттар ағынында адасып қалмау үшін адамға ақ пен қараны ажырататын арнайы білім керек. Бұл ретте жаңа заман адамы үшін медиасауаттылықтың маңызы зор екені сөзсіз. Меніңше, осы трендті ескеріп, Қазақстанда әлемге ғылыми көзқарас қалыптастыратын салалық журналистиканы дамытуға және ғылымды дәріптейтін қоғамдық пікірдің көшбасшыларын дайындауға көңіл бөлген жөн. Бұл медиа саласының сапасын арттыруға мүмкіндік береді», деп қорытындылады Мәулен Әшімбаев.
Солтүстіккореялық кибертоп қазақстандық компанияларға шабуыл жасаған
Қазақстан • Кеше
Қытайдың Иу қаласында үш күндік карантин енгізілді
Коронавирус • Кеше
Қырғызстанда зорлық-зомбылық үшін жаза күшейді
Әлем • Кеше
Павлодарда жер астынан су атқылады
Аймақтар • Кеше
Орталық Азиядағы ең үлкен мешіттен фоторепортаж
Фотогалерея • Кеше
Елордалық оқушыларға 670 млн теңге бөлінеді
Елорда • Кеше
Елордада Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт ашылды
Елорда • Кеше
Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады
Ауа райы • Кеше
Канадада 1008 адам маймыл шешегін жұқтырған
Әлем • Кеше
Тағы 5 млн гектар жер мемлекетке қайтарылады
Қоғам • Кеше
Алматы облысы Қарасай ауданына жаңа әкімі тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Алматыда есірткі қолданған автобус жүргізушісі ұсталды
Аймақтар • Кеше
Қарағанды облысында жол апатынан 3 адам көз жұмды
Оқиға • Кеше
Абай облыстық қоғамдық кеңесінің мүшелері іріктелді
Аймақтар • Кеше
Дизельді заңсыз сатқан кәсіпкерге үкім шықты
Қоғам • Кеше
Елімізде 24 мыңнан астам адам коронавирустан емделіп жатыр
Коронавирус • Кеше
Мемлекеттік кірістер комитетінің жаңа басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Еуропада маймыл шешегін жұқтырғандар көбейді
Әлем • Кеше
Атырау және Хорезм облыстары өзара тиімді байланысты кеңейтпек
Қазақстан • Кеше
Индор хоккейден қазақстандықтар тағы жеңіске жетті
Хоккей • Кеше
12 тамызға арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Кеше
Қарағандыда автобус емхананың қоршауына соғылды
Оқиға • Кеше
12 тамызға арналған валюта бағамы
Қаржы • Кеше
«Тобыл» Конференция лигасын ерте аяқтады
Спорт • Кеше
Бірқатар өңірде ауа сапасы нашарлады
Экология • Кеше
«Қызыл-Жар» кипрлік клубпен тең түсті
Футбол • Кеше
2186 адам коронавирустан жазылып шықты
Коронавирус • Кеше
Бақытжан Сағынтаев жаңа қызметке сайланды
Тағайындау • Кеше
Коронавирус • Кеше
Юлия Путинцева Торонто турнирінің ширек финалына шықты
Теннис • Кеше
Бір күнде 1643 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Теннис • Кеше
Ұқсас жаңалықтар