Қазақстан • 21 Қыркүйек, 2021

Түркияға 600 контейнер жасымық экпортталады

315 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысындағы Азат станциясынан жөнелтілетін жасымық Түркияның Мерсин станциясына жеткізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркияға 600 контейнер жасымық экпортталады

Ауыл шаруашылығы дақылын Түркия еліне жеткізуді «Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясының «KTZ Express» акционерлік қоғамы жүзеге асырады. Осы мақсатта «KTZ Express» акционерлік қоғамы мен түркияның «Teryak group» компаниясымен 15 мың тонна өнімді жөнелту туралы келісімшарт жасалған.

«KTZ Express» акционерлік қоғамы Түркияның «Teryak group» холдингімен 15 мың тонна жасымықты жөнелту туралы келісімшарт жасасты. Яғни, 600 контейнерді тасымалдау жұмыстары жоспарланды», деді «KTZ Express» АҚ бас директоры Нұрлан Игембаев.

Қазіргі кезде жасымықтың алғашқы партиясы арнайы контейнерлерге тиелуде.

«Азат» ЖШС басшылығының айтуынша, жүк алдағы дүйсенбі күніне дейін жөнелтілетін болады.

«Біздің кәсіпорында алғаш рет биылғы жылдың жасымығын вагонмен емес, арнайы контейнерлер арқылы экспорттау қолға алынып отыр. Бұл бізге өнімді шашпай жеткізуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта 2 мың тонна жасымықты контейнерлерге тиеп, жедел жөнелту бойынша тұрақты бақылау шаралары жүргізілуде», деді кәсіпорын басшысы Қанат Төлебаев.

«KTZ Express» акционерлік қоғамы келісім шарт бойынша жыл соңына дейін 10 мың тонна жасымықты экспортқа тасымалдауды жоспарлап отыр.