Қазақстан • 21 Қыркүйек, 2021

Елімізде сарапшылар мектебін құру ұсынылды

227 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат жанындағы Жас сарапшылар клубының мүшелері кезекті отырыста медиа, зерттеу саласы мен мемлекеттік басқарудағы сараптамалық тәсілдерді дамытуға бағытталған қоғамдық жобаны құру мүмкіндігін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде сарапшылар мектебін құру ұсынылды

«Шынында да, көптеген салаларда аналитикалық тәсілдердің әлсіреуі байқалады. Бұл үрдіс мемлекеттік басқару үшін үлкен проблемалар туғызады. Себебі бұл саладағы шешімдер байыпты аналитикалық зерттеу негізінде қабылдануы керек. Өкінішке орай, көптеген шешімдер жағдайға байланысты, туындаған дағдарыстарға реакция ретінде қабылданады. Клубтың алдыңғы отырыстарының бірінде бұл жағдай қазіргі әлемдегі гуманитарлық білім дағдарысымен байланысты деген пікірмен бөліскен едім. Осыған байланысты мен клуб мүшелерінің осындай қоғамдық талдау мектебін құру туралы ұсынысын өте өзекті деп санаймын», деді Мәулен Әшімбаев.

Мектеп тыңдаушылары аналитикалық мәтіндерді жазу сияқты қолданбалы дағдыларды, зерттеу әдіснамасын, деректер базасымен жұмысты, мемлекеттік басқаруда, халықаралық қатынастар мен дипломатияда қолданылатын аналитикалық тәсілдерді меңгере алады. Дәрістер оқу және тренингтер өткізу үшін көрнекті қазақстандық талдаушылар мен зерттеушілерді шақыру жоспарлануда.