Аталмыш марапат Сөнмезге «Кырыккале қаласының дамуына үлес қосқандарды марапаттау рәсімі» аясында «Кырыккале қаласының Түркия мен әлемге ашылған бренді» номинациясында табысталды.
Салтанатты марапттау рәсімі Түркияның Кырыккале шаһарында медиа, бизнес, саясат және қоғамдық ұйым көшбасшыларының қатысуымен өткізілді.
«Марапатымды маған әрдайым демеу болып келген ата-анама, атажұртым – Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына, Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа және өзімнің де құрметті азаматы болып табылатын Ясауи атамның қасиетті шаһары – Түркістанға арнаймын. Мерейтойың құтты болсын, Түркі әлемінің жарық жұлдызы, атажұртым – Қазақстаным!», деді Фатма Сөнмез.
Түркістан қаласының құрметті азаматы, «Йерлі Дүшүнже» журналының тұрақты авторы, Ясауи мұрасын насихаттаушы, қоғам қайраткері, Қазақстан мен Түркияның бауырластығын нығайту мақсатында жүзеге асқан көптеген халықаралық жобалардың авторы Фатма Сөнмез қазіргі кезде Түркияның Кырыккале қаласының Яхшихан аудандық денсаулық сақтау департаментінің директоры қызметін атқарады.