Санаулы күндерден кейін, дәлірек айтсақ осы жылдың 1 қазанында Дубайда ЕХРО-2020 дүниежүзілік көрмесі ашылады. Жер-жаһан көз тігіп отырған айтулы шараға Қазақстан да қатысады. Бұл Таяу Шығыс аймағында ұйымдастырылып отырған алғашқы дүниежүзілік көрме.

ЕХРО-2020 көрмесі былтыр өтуі керек еді. Алайда коронавирус пандемиясына байланысты шараның мерзімі бір жылға шегерілді. Көрменің ұйымдастыру комитеті хабарлағандай, оған әлемнің 192 елі қатысады. Келер жылдың 31 наурызына дейін жалғасатын көрмені шамамен 25 млн адам тамашалайды деп күтілуде. Олардың 20 пайызын бизнес өкілдері құрамақ. 182 күнге созылатын шараға келушілердің 70 пайызы шетелдік туристер болмақ. Көрменің жалпы аумағы 438 гектар жерді алып жатыр. Көрме Дубай мен Абу-Даби қалаларының аралығында орналасқан.
Таңдалған тақырып – «Ақыл-ойды біріктіре отырып, болашақты қалыптастыру». ЕХРО-2020 үш салалық тақырыпқа бөлінген – «Мүмкіндіктер», «Мобильділік» және «Тұрақты даму». Алғашқысы адам әлеуетін дамыту, тұлғалық өсу, инновацияларды ілгерілету және жұмыспен қамту секілді бағыттарды қамтиды. «Мобильділік» тақырыбына физикалық ұтқырлық, ақпараттық технологияларды тарату, тауарлар мен ресурстарды бөлуге қол жеткізу бағыттары тән. «Тұрақты даму» – экожүйенің жайлы өмір салтына, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға әсері.
QazExpoCongress ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының хабарлауынша, Қазақстанның ұлттық павильоны «Мүмкіндіктер» салалық тақырыбында орналасқан. Оған жақын маңда Біріккен Араб Әмірліктері, АҚШ, Швейцария, Қытай Халық Республикасы, Аустрия, Жапония, Үндістан, Сауд Арабиясы Корольдігі, Беларусь секілді мемлекеттердің павильондары, сондай-ақ Emirates Airlines, DP World, ENOC секілді алпауыт компаниялардың корпоративтік павильондары орналасқан.
Павильон бейнесі дәстүрлі шығыс сәулетінен шабыт алған заманауи цифрлы шешімдер мен дәстүрлердің синтезін, сондай-ақ Қазақстанның ашықтығын бейнелейді. Павильон 3 қабаттан тұрады. Екі қабатында 4 көрме аймағы бар. Павильон аумағы – 3 400 шаршы метр. Ол орта санаттағы павильондарға жатады.
1 қазанда көрменің салтанатты ашылу рәсімі өтеді. Қазақстанның ұлттық павильоны да сол күні келушілерді қабылдай бастайды. Көрме аясында 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Ұлттық күні өтеді. Сонымен қатар шара барысында еліміздің Тәуелсіздік күніне және Наурыз мейрамына ерекше басымдық беріледі.
Дүниежүзілік көрме индустрияландырудың символы саналады. Мұны техникалық һәм технологиялық жетістіктерді паш ететін ашық алаң десе де болады. ЕХРО көрмелерінің ауқымы, ұзақтығы және келушілер саны бойынша халықаралық іс-шаралар арасында теңдесі жоқ. Бұл мемлекеттерді, компанияларды, халықаралық ұйымдар мен азаматтарды байланыстыратын буын іспетті.
1928 жылы халықаралық көрмелерге қатысты Конвенцияға қол қойылды. Сол сәттен бастап Халықаралық көрмелер бюросы көрмелерді өткізуді реттейтін орган саналады. Алғашқы дүниежүзілік көрме 1851 жылы Лондонда ұйымдастырылған.
Көрменің екі түрі бар – дүниежүзілік және мамандандырылған. Олар 3 айдан 6 айға дейін созылады. Дубайда биыл өтетін ЕХРО-2020 дүниежүзілік көрмеге жатады. Ал 2017 жылы Нұр-Сұлтанда ұйымдастырылған ЕХРО-2017 – мамандандырылған көрме. Дүниежүзілік көрме бес жыл сайын өткізіледі. Дүниежүзілік көрмемен салыстырғанда мамандандырылған көрменің жалпы құны төмен әрі көлемі де әлдеқайда кішірек.
Дүниежүзілік көрмені соңғы рет 2015 жылы Милан (Италия) қабылдады. Ендігі кезек – Дубайда. 2025 жылғы көрме Жапонияның Осака қаласында өтпек. 2020 жылғы көрмені өткізуге Дубайдан бөлек, Екатеринбург (Ресей), Измир (Түркия) және Сан-Паулу (Бразилия) қалалары үміткер болды. Халықаралық валюта қорының болжамынша, Дубайдағы көрме елдің ішкі жалпы өніміне оң әсер етпек. Сондай-ақ 277 мың жаңа жұмыс орны құрылады деп күтілуде.
Руханият • Бүгін, 23:18
Әдебиет • Бүгін, 23:16
«Жаңа Қазақстан» – арнайы жүлде
Саясат • Бүгін, 23:15
Гранд Сламнан бас жүлде бұйырмады
Спорт • Бүгін, 23:11
Құрылыс саласы қалай цифрланып жатыр?
Технология • Бүгін, 23:10
Құмар ойынға құныққандар елімізде 350 мыңнан асады
Қоғам • Бүгін, 23:08
Қазақстан • Бүгін, 23:06
Өнер • Бүгін, 23:03
БҚО-да жол апатынан екі жүргізуші көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 22:48
Қаңтар оқиғасында қаза тапқан сарбазға мемориал тақтасы орнатылды
Аймақтар • Бүгін, 22:30
Қазақстан мен Қытай арасында әуе рейстері қайта жанданады
Қоғам • Бүгін, 21:45
Аптап ыстық: Еліміздің тоғыз өңірінде ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 21:22
Қазақстан, Әзербайжан және Түркия көлік-логистика мәселелерін талқылады
Қазақстан • Бүгін, 21:00
Мәулен Әшімбаев ТҮРКСОЙ-дың Бас хатшысымен кездесті
Парламент • Бүгін, 20:40
Еңбек министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 20:23
Президент мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту туралы заңға қол қойды
Президент • Бүгін, 20:02
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы Конституциялық заң жобасы әзірленді
Қазақстан • Бүгін, 19:53
Президент Koç Holding компаниясының басқарма мүшесі Али Кочты қабылдады
Президент • Бүгін, 19:30
Шілдеде Қазақстанның екі облысында құрғақшылық болуы мүмкін
Ауа райы • Бүгін, 19:17
Көкшетауда 630 орындық заманауи аурухана салынады
Қоғам • Бүгін, 18:57
QazVac-тың III клиникалық сынақ нәтижесі жарияланды
Коронавирус • Бүгін, 18:38
«Парламент сөзі» сыйлығының жеңімпаздары марапатталды
Парламент • Бүгін, 18:18
«Miras» кеңесінде Ұлттық құрылтайдың міндеті талқыланды
Қоғам • Бүгін, 17:53
Павлодар облысында суға батып кеткен қыздың денесі табылды
Оқиға • Бүгін, 17:44
Astana велоклубы «Тур де Франсқа» қатысатын құрамын жариялады
Спорт • Бүгін, 17:37
Мектептерде түркі тарихы жайлы жаңа пән енгізіле ме
Білім • Бүгін, 17:22
Қазақконцерт пен ТҮРКСОЙ Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қояды
Қоғам • Бүгін, 17:10
Колледждерге құжат қабылдау басталды
Білім • Бүгін, 17:01
Қызылордада есірткіге қарсы акция өтті
Аймақтар • Бүгін, 16:52
Сенатта «Парасат» байқауының жеңімпаздары марапатталды
Парламент • Бүгін, 16:45
АҚШ-тың Такома қаласында атыс болды
Әлем • Бүгін, 16:36
Қазақстанда учаскелік инспекторлар жаңа ереже бойынша жұмыс істейді
Қазақстан • Бүгін, 16:28
Аймақтар • Бүгін, 16:18
Қаржы • Бүгін, 16:10
Жамбыл облысы Жуалы ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:02
Шымкентте күннің ыстығынан көлік өртенді
Оқиға • Бүгін, 15:53
Қазақстанда құс еті қымбаттады
Қоғам • Бүгін, 15:43
ҰБТ: 267 оқушы тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды
Білім • Бүгін, 15:37
Түркістан облысы тұрғынының ауласынан 30 түп сора табылды
Аймақтар • Бүгін, 15:28
Елордада «Нартай» фильмінің тегін көрсетілімі өтті
Өнер • Бүгін, 15:18
Ұқсас жаңалықтар