Әлем • 22 Қыркүйек, 2021

Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 76-шы сессиясы ашылды

137 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді бастаған қазақстандық делегация 21-27 қыркүйек аралығында Нью-Йоркте өтетін БҰҰ Бас Ассамблеясының 76-сессиясына қатысады, деп жазады Egemen.kz.

Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 76-шы сессиясы ашылды

БҰҰ Бас Ассамблеядағы сессиясының тақырыбы «Жақсылыққа сеніп, төзімділікті нығайту». Күн тәртібіндегі негізгі мәселелер: COVID-19 пандемиясымен күрес, жаһандық қауіпсіздік пен тұрақтылық, орнықты даму, сондай-ақ климаттың өзгеруі. Сонымен қатар Ауғанстандағы жағдайға ерекше назар аударылатын болады.

Сессия шеңберінде Азық-түлік жүйелері жөніндегі саммит, Энергетика жөніндегі жоғары деңгейдегі диалог, COVID-19 жөніндегі Жаһандық саммит, Теңізге шыға алмайтын дамушы елдер тобына мүше мемлекеттердің министрлік кездесуі, Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шарттың күшіне енуіне жәрдемдесу жөніндегі министрлік конференциясы өтеді.

Қазіргі сессия гибридті режимде өтіп жатыр. Нью-Йоркте 120-ға жуық мемлекет өкілі пікірталасқа қатысады. БҰҰ-ға мүше 196 елдің мемлекет, үкімет, сыртқы саяси ведомство басшысы мен жоғары өкілі сөз сөйлейді. Қазақстан Республикасының атынан бейне үндеу форматында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлейді.

«Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосы басшысының бағдарламасында бірқатар екіжақты кездесу мен көпжақты іс-шараға қатысу жоспарланған. Бірінші күні Министр М.Тілеуберді Литва сыртқы істер министрі Габриэлюс Ландсбергис, Сингапур Сыртқы істер министрі Вивиан Балакришнан, Аустрия Сыртқы істер министрі Александр Шалленберг, Сирия Сыртқы істер министрі Фейсал Микдад және Черногория Сыртқы істер министрі Джордже Радуловичпен екіжақты бөлек келіссөздер жүргізді. Сонымен қатар, Министр Аустрия Канцлері Себастьян Курц ұйымдастырған «Ауғанстан халқын, әсіресе Ауғанстан мен өңірдегі әйелдер мен балаларды қорғау» Ауғанстан бойынша жоғары деңгейдегі дөңгелек үстелге қатысты», деп жазады СІМ баспасөз қызметі.

 
Соңғы жаңалықтар