Бұл – құрлық әскерінің оқу-жаттығуы. Жаттығу кезінде әскерилердің әзірлігі әрі бейтаныс жерде шапшаң әрекет ету қабілеті тексерілді. Жалпы, әскери оқу-жаттығу елдің бірқатар полигонында жүргізілді.
Ақтау, Алматы, Шығыс Қазақстан мен Қызылорда өңірінде орналасқан құрлық әскерінің құрамалары Төтенше жағдай министрлігі, Ішкі істер мен Ұлттық қауіпсіздік қызметімен өзара іс-қимылы пысықталды. Әскерилердің дайындығын тексеру 23 қыркүйекке дейін жалғасады. Оған 9 мыңға жуық жеке құрам жұмылды.
Сонымен бірге 3 мыңнан астам қару-жарақ пен әскери техника, оның ішінде 66 ұшу аппараты мен 8 әскери кеме жаттығу ісіне қосылған.