Оқиға • 22 Қыркүйек, 2021

Түркіменстан Президентінің жансақтау бөліміне түскені рас па?

859 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұған дейін кейбір БАҚ Гурбангулы Бердымұхамедовтің комада жатқанын хабарлаған болатын. Алайда түркімен дипломаттары президенттің комаға түскені туралы хабарды жоққа шығарды, деп жазады Egemen.kz.

Түркіменстан Президентінің жансақтау бөліміне түскені рас па?

Түркімен дипломаттарының айтуынша, президенттің денсаулығының нашарлауы туралы хабарлар қисынға келмейді.

«Бірқатар БАҚ-тың Түркіменстан Президентінің денсаулығына қатысты хабарлары  мүлде сенімсіз және шындыққа жанаспайды», делінген Ресей Федерациясындағы Түркіменстан Елшілігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ел президенті өзінің веб-сайтында орналастырылған кестеге сай іс -шараларға үнемі қатысып отыр.

Атап айтқанда, 20 қыркүйекте Гурбангулы Бердімұхамедов Министрлер Кабинетінің онлайн-отырысын өткізді.

Елшілік сонымен қатар «Түрікменстан Президентінің қатысуымен болған соңғы оқиғалар туралы ақпаратты turkmenistan.gov.tm сайтынан табуға болады» деп жазды.