© Alex Brandon / AP
Байден мен Джонсон Ауғанстандағы дағдарыстың алдын алу үшін барлық гуманитарлық және дипломатиялық құралды қолдану керек екенін айтты.
«Премьер-Министр мен Президент Байден Ауғанстандағы жағдайды жақсарту үшін өмірін құрбан еткендерді еске алудың ең жақсы жолы - гуманитарлық дағдарысты болдырмау және Ауғанстандағы жетістікті сақтап қалу үшін қолда бар барлық дипломатиялық және гуманитарлық құралды қолдану екеніне келісті», деп хабарлайды Ұлыбритания үкіметінің сайты.
Тараптардың пікірінше, «Талибан» лаңкестік тобын тану «тәліпердің адам құқықтарын құрметтеуіне байланысты» үйлестірілуі керек.