Парламент • 22 Қыркүйек, 2021

Қазақстанда судьяларды жауапқа тарту мәселесі қаралуда

338 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда судьяларды жауапкершілікке тартудың ескіру мерзімін ұзарту жоспарланып отыр. «Сот жүйесі мен судьялар мәртебесі туралы» Конституциялық заңға түзетулерді Мәжіліс депутаттары қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда судьяларды жауапқа тарту мәселесі қаралуда

«Заң жобасы сот кадрларын іріктеу механизмін жетілдіреді, судьялардың кәсіби қызметін бағалай отырып, судьяларды жауапкершілікке тартудың ескіру мерзімін ұзартады, сонымен қатар соттарды қаржыландырудың жаңа моделін белгілейді», деді депутат Снежанна Имашева.

Сондай-ақ Имашева сот жүйесі мәселелері бойынша ілеспе заңға қорытынды дайындайтынын мәлімдеді.

«Ұсынылып отырған өзгерістер әкімшілік заңнаманы жетілдіруді, сот ісін жүргізудің IT-сервистерін енгізуді көздейді. Сот кадрларын іріктеу, сондай-ақ сот жүйесін қаржыландырудың жаңа тәртібін енгізу мәселелері», деді ол.