Қоғам • 22 Қыркүйек, 2021

Елімізде машина жасау өндірісі 24 пайызға артты

280 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

8 айда машина жасауда өндіріс көлемі 1,4 трлн теңге болды. Бұл туралы Қазақстан машина жасаушылар одағының (ҚМЖО) төрағасы Мейрам Пішембаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде машина жасау өндірісі 24 пайызға артты

«8 айда саладағы өндіріс көлемі 2020 жылмен салыстырғанда 24% өсіп, 1,4 трлн теңге болды. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш алғаш рет 2 трлн теңгеден асады деп болжап отырмыз», деді Мейрам Пішембаев Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан Қазақстан машина жасаушыларының IX форумында.

Ауыл шаруашылығы машинасын жасауда өсім – 300%, темір жол – 45%, электротехника – 28%, тау-кен металлургиясы және мұнай-газда – 11% болды. 

ҚМЖО дерегінше, бүгінде салада 3 мыңнан аса кәсіпорын жұмыс істейді. Онда 119 мыңнан аса адам жұмыс істеп жатыр.