Оқиға • 22 Қыркүйек, 2021

Қарағанды зауытындағы өрттің шығу себебі анықталды

521 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды ​​облысы Төтенше жағдайлар департаментінде қалдықтарды қайта өңдеу зауытындағы өрттің себебі айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарағанды зауытындағы өрттің шығу себебі анықталды

Ведомство мәліметінше, қоқыс шығаратын және қайта өңдейтін кәсіпорын аумағында өрт өртеу салдарынан шыққан.

Барлығы кәсіпорынның 1000 шаршы метр ашық алаңы өртке оранды. Өртті сөндіруге 95 адам мен 23 техника, сонымен қатар «ҚТЖ» екі өрт сөндіру пойызы жұмылды.

«Карпатская көшесіндегі кәсіпорында өрт болғаны туралы хабарлама сағат 19:28-де түсті. Оқиға орнына жеткенде ЖШС аумағында қалдықтарды жою және қайта өңдеу аумағында автошиналар жанып жатқаны анықталды. Өрт 22 қыркүйекте сағат 03:00-де жойылды. Өрттің шығу себебі - ашық от көзі, яғни өртеу», деді Қарағанды ​​облысы ТЖМ баспасөз қызметі өкілі.

Айта кетейік, қайта өңдеу кәсіпорнының аумағында өрт шыққаны хабарланған болатын. Өрт сөндіруге Қарағанды облысының ТЖД қызметкерлері жұмылған.