Әлем • 22 Қыркүйек, 2021

Ауғанстанның бұрынғы президенті тәліптермен бітімгершілікті бұзды деп айыпталды

146 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауғанстанның бұрынғы президенті Ашраф Ғанидің «Талибан» шабуылы кезінде елден кету туралы шешімі (Жоғарғы соттың шешіміне сәйкес Қазақстанда қозғалысқа тыйым салынған) тәліптермен келісімге келуге кедергі келтіргенін Ауғанстанның бұрынғы вице-президенті, хазарлар қауымдастығының жетекшісі Мохаммад Кәрім Халили айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ауғанстанның бұрынғы президенті тәліптермен бітімгершілікті бұзды деп айыпталды

Халилидің айтуынша, жоспар тәліптердің Кабулды басып алуына жол бермей, саяси ауысу туралы келіссөздер жүргізу болған. Бірақ Ғанидің елден қашуы биліктің өзгеруіне, тәліптердің қаланы басып алуына алып келген.

«Тіпті бізде тәліптермен Кабулды басып алмау туралы келісім болған», деді Халили.

Халили Жоғары Кеңестің басшысы болған кезде, ресми Кабул мен «Талибан» басшылығы барлық этникалық топтар мен саяси күштердің құқықтарын мойындайтын үкімет құруға келіскенін айтты. Алайда Ғани мен оның Үкіметінің жасырын қашуы барлық келісімдерді бұзған.