Қоғам • 22 Қыркүйек, 2021

5 миллионнан астам адам онлайн санақтан өтті

201 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Санақтан онлайн өткендер қатары 5 миллионнан асты. Осылайша бүгінде санаққа қатысқан халық үлесі 26,3%-ды құрады, деп жазады Egemen.kz.

5 миллионнан астам адам онлайн санақтан өтті

22 қыркүйек сағат 15:00-дегі жағдай бойынша 5 003 105 респондент онлайн санақтан өтті. Олардың 4 323 686-сы - sanaq.gov.kz сайтында, 484 878 адам Egov порталында тіркелу арқылы жауап берсе, 194 541 адам санаққа Аitu қосымшасы арқылы қатысты.

Онлайн санақтан өткендер саны бойынша Түркістан облысы алда. Мұнда 603 743 тұрғын санақтан өткені жайлы хабарлама алған. Онлайн санақтан өткен тағы 527 233 адам Алматы облысында тіркелген. Үздік үштікті Шығыс Қазақстан облысы түйіндеді. Мұнда 437 656 адам санақ сауалдарына жауап берді.

Бұл көрсеткіш бойынша әзірге соңғы екі орынды Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстары еншілеп тұр. Бұл өңірлерде сәйкесінше 136 773 және 133 377 адам санақтан өтіпті.

Жергілікті халық санына шаққандағы санақтан өткендердің үлесі бойынша Қызылорда облысы алда тұр. Мұнда азаматтардың 43% сауалдарға жауап берген (1 тамыздағы жағдай бойынша өңірде 823052 адам тіркелген). Бұл көрсеткіш бойынша Батыс Қазақстан облысы екінші орында. Мұнда тұрғындардың 35,9% бүгінге дейін санақтан онлайн режимде өткен (1 тамыздағы жағдай бойынша өңірде 749754 адам тіркелген).

Ұлттық статистика бюросы азаматтардың белсенділігі үшін алғыс айта отырып, санақты онлайн өтуге шақырады.

«Sanaq.gov.kz сайты 15 қазанға дейін тәулік бойы қолжетімді. Онлайн санақтан өтпегендер 1-30 қазан аралығында интервьюерлердің сауалдарына жауап бере алады. Барлық сауалдар бойынша 1446 байланыс орталығына хабарласуға болады. Қоңырау шалу тегін», деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.