Әлем • 22 Қыркүйек, 2021

«Lada» енді Өзбекстанда құрастырылады

152 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АВТОВАЗ Ресейден тыс тағы бір елде «Lada» көліктері құрастырылатынын ресми мәлімдеді. Енді Өзбекстанның «Жизақ» еркін экономикалық аймағында орналасқан «Джизак-ADM» зауытында брендтің бірнеше моделі ірі торапты әдіспен шығарылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Lada» енді Өзбекстанда құрастырылады

Кәсіпорын аталған елдің ішкі нарығы үшін жұмыс істеп, дилерлік орталықтарға Lada Vesta (SW және SW Cross), Largus және Largus Cross, XRAY Cross хетчбэгін жеткізеді.

Зауытқа иелік ететін Roodell компаниясы хабарлағандай, марканы мұнда құрастыру тұтынушылар үшін көлік бағасын арзандатады, әрі Өзбекстанның мемлекеттік сатып алу бағдарламаларына қатысып, сатылым мөлшерін арттыруға мүмкіндік береді.

Өзбекстанда Lada-ның 18 дилерлік орталығы жұмыс істейді. 2020 жылы елде аталған көлік маркасының 5000 дана машинасы сатылды.

Соңғы жаңалықтар