Экономика • 22 Қыркүйек, 2021

Шетелге шарап экспорттау жеңілдейді

168 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еурокомиссия «ҚазСтандартты» Қазақстанда шарап сертификатын беруге құзіретті органдардың тізіміне енгізді. Енді отандық шарап өндірушілерге Еуропаға шарап экспорттау жеңілдейді, деп жазады Egemen.kz.

Шетелге шарап экспорттау жеңілдейді

«Еуропалық Одақ елдеріне шарап, жүзім немесе жүзім шырынын импорттау енді VI-1 нысанындағы сертификатпен бірге жүруі керек, ол 2 бөліктен тұрады: тауарлардың нақты топтамасының жалпы мәліметтері көрсетілген сертификат және зертханалық сынау нәтижесі. Бұл сертификат жеткізілетін шарап сапасының сәйкестігін растайды және өнімнің ЕО-да сатылуына жол  ашады», деп хабарлайды Сауда және интеграция министрлігі.

Енді қазақстандық шарап жасаушылардың өнімін экспорттауға және нарығын кеңейтуге мүмкіндігі артады.