Президент • 22 Қыркүйек, 2021

Президент Маңғыстау облысында шенеуніктерді сынға алды

187 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысында өткізген өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңес барысында шенеуніктерді сынға алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент Маңғыстау облысында шенеуніктерді сынға алды

Қасым-Жомарт Тоқаев өңірде жаппай мал шығынына алып келген қуаңшылық мәселесіне қатысты көзқарасын білдірді. Мемлекет басшысы мұқтаж фермерлерге көмек көрсету кезінде шенеуніктердің сылбырлығын сынға алды. Оның айтуынша, облыс әкімдігі мен құзырлы министрлік қайта-қайта қағазын түгендеп, құжатын реттеп отырғанда ахуалды тұрақтандыру үшін резервтен бөлінген тиісті қаражат қиналған шаруаларға мезгілінде жетпеген.

«Құдық қазуға бөлінетін субсидия 80-нен 50 пайызға дейін қысқарған болатын. Үкіметке бұл шешімді қайта қарауды тапсырамын. Маңғыстау және Қызылорда облыстары үшін өтемақы мөлшерін қайтадан 80 пайызға дейін көбейту қажет. Құзырлы министрлік шөлді аймақта ауыл шаруашылығын дамыту үшін ұсыныс енгізсін. Оның ғылыми негізі болуы шарт. Халықаралық озық тәжірибені, соның ішінде Израильдің тәсілін зерттеңіздер», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.