Қазақстан • 23 Қыркүйек, 2021

Ираннан 53 қандасымыз елордаға жетті

151 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Иран Ислам Республикасынан 53 қан­дасымыз Нұр-Сұлтан қала­сына келіп ж­етті. Атажұртқа оралған қандас­тары­мызды Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Дүниежүзі қазақ­тары­ның қауымдастығы мен «Отан­дастар қоры» КеАҚ өкілдері күтіп алды.

Ираннан 53 қандасымыз елордаға жетті

Қандастарымыз үшін күтіп алу іс-шарасы ұйымдастырылып, Нұр-Сұлтан қаласының көрікті жерлеріне экскурсия өткізіліп, арнайы ас берілді.

Енді  Ираннан келген қандастар мемлекет ұсынатын өңірлік квота аясында Солтүстік Қазақстан облысына қоныстанады.

Еске сала кетейік, бұған дейін 14 қыр­күйекте Қазақстанға қоныс аударушы­лар­дың кезекті легі келген еді. Барлығы 13 адамды (3 отбасы) «Отандастар қоры» КеАҚ өкілдері күтіп алып, Солтүстік Қазақстан облысына шығарып салды.

Аталған көш Қазақстан Сыртқы істер министрлігі, еліміздің Ирандағы елші­лігі мен Горган қаласындағы Бас консул­дығы және Дүниежүзі қазақтарының қауымдас­тығы мен «Отандастар қоры» КеАҚ-тың  ұйым­дастыруымен, Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстары әкімдіктерінің қол­дауы­мен жүзеге асырылуда.

«Егемен-ақпарат»

 

Соңғы жаңалықтар