Сервис өзімен бірге құжаттың түпнұсқасы жоқ адамдарға пайдалы болмақ. Оны көрсету үшін электрондық үкімет қосымшасында авторлану қажет, атаулы АӘК-ның құжаты eGov mobile қосымшасында «цифрлы құжаттар» бөлімінде орналасқан. Атаулы әлеуметтік көмекті алушы QR-код арқылы оған қол жеткізе алады. Бұл құжатты сұратушы тарапқа оның түпнұсқалығына көз жеткізуге көмектеседі.
Еске сала кетейік, бүгінгі таңда eGov mobile қосымшасында 18 цифрлы құжат қолжетімді, сонымен бірге: жеке куәлік, жүргізуші куәлігі, диплом, студенттік билет және т.б. Электронды үкімет қосымшасын Google Play, AppGallery, AppStore-дан жүктеуге болады.
«Егемен-ақпарат»