Павлодар облыстық эпидемиологиялық-санитарлық бақылау департаментінің мәліметінше, 19 қыркүйектегі ахуал бойынша өңір індеттің таралу көрсеткіші бойынша әлі «қызыл аймақта». Осы уақытқа дейін жалпы індет жұқтырған 44 254 науқас тіркелсе, 41 173-і індеттен жазылып шыққан. Бірақ өңірде эпидемиялық ахуал тұрақталып келеді.

– Қазіргі кезде ауруханаларда 968 науқас емделуде. Жансақтау бөлімдерінде 88 науқас жатыр. Жалпы, инфекциялық емхананың 45 пайызында науқастар бар. Соңғы кезде инфекциялық орындарға науқастардың түсуінің азаюына байланысты қосымша ашылған орындар қысқартылуда. Қазір барлық аудандық ауруханалардағы, облыс орталығындағы инфекциялық бөлімдер де жабылды, – деді онлайн брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айдар Сейітқазинов.
Жалпы, емханаға түскен науқастарға қажетті оттегі құрылғылары жеткілікті, медициналық персоналдың қажетті мөлшері бар. Емханалардың жанында 166 мобильді бригада, ПТР диагностикасын жүргізуге арналған 7 зертхана жұмыс істеуде. Тәулігіне орта есеппен 2 300 ПТР қорытындысы шығарылады.
Ал Ақсу қалалық ауруханасының бас дәрігері Мақсат Мұқашевтың айтуынша, 3 117 адам індет жұқтырған болса, қазір 161 адам бақылауда, ауруханада 86 адам емделуде. Қала тұрғындарының 64 пайызы вакцина қабылдаған. Сонымен бірге, Ақсу ферроқорытпа зауыты мен Еуразиялық энергетикалық корпорацияның энергетиктері мен жұмысшылары екпе қабылдады. Зауыттарда екпе алу орындары ашылған. Мысалы, Тереңкөл ауданының тұрғыны, 93 жастағы Ерғалым Қапкенов «Спутник V» екпесін алған.
– Үйде немерелерім бар. Олардың денсаулығы мен үшін маңызды. Індеттен өзімді және туғандарымды қорғау үшін екпе алдым. Тұрғындарды да екпе алуға шақырамын, – дейді Ерғалым ата.
Облыстағы Май ауданының тұрғындары ұжымдық иммунитетті қалыптастыруда үлгі болуда. Бүгінде аудан жұртшылығының 70 пайыздан астамы қауіпті індетке қарсы екпе алған. Аудандық ішкі саясат бөлімінің мәліметінше, екпе салу кабинеттері үзіліссіз әрі демалыссыз жұмыс істейді. Ауданда денсаулығы екпе алуға жарамды 6 007 адамның 4 632-сі егілген. Егу бөлімшелері аудандық аурухана мен Қазан, Малайсары, Қаратерек ауылдық аумақтарында ашылған. Ақшиман, Майтүбек, Қаратерек, Ақжар, Малайсары, Саты ауылының тұрғындары белсенділік танытып, екпе алуда. Демалыс күндері жылжымалы екпе егу кешені және медициналық қызметкерлердің көшпелі бригадалары жұмыс істейді.
Ал Успен ауданында 700-ден астам тұрғын екпе алып болған соң аудан ішінде ұжымдық иммунитет қалыптасқан. Өйткені өңір бойынша иммундауға жататын 7 079 адамның 6 365-і екпе алып үлгерген. Успен ауданының 11 ауылында екпе алуға қарсы көрсетілімдері жоқ тұрғындардың бәрі екпе алған. Аудан әкімі Николай Дычконың мәліметінше, аудан аумағында жауапты адамдар белгіленген. Еріктілер ауыл тұрғындарына қоңырау шалып, жергілікті қоғамдастық өкілдері жерлестеріне вакцина алу қажеттілігі туралы айтып береді. Ауыл әкімдерінің WhatsApp желісі арқылы хабарлама таратуы жолға қойылған.
Облыс емханаларына індетке қарсы екпенің І компоненті бойынша 362 785 және II компоненті бойынша 323 765 данасы жеткізілген. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, күз мезгілінде өңір тұрғындарының кем дегенде 60 пайызы екпе алып, ұжымдық иммунитетті қалыптастыруы керек. Бірақ шілде мен тамыз айларымен салыстырғанда қазір вакцина алушылардың саны азайған. Облыста алғашқы екпе қабылдауды 281 мыңнан астам адам алса, екінші компонентті 250 мыңнан астам адам қабылдаған көрінеді. Өңір бойынша 450 мың адам алады деп жоспарланған болса, бүгінде вакцинаның І компонентін 64 пайызы, ІІ компонентін 55 пайызы қабылдапты. Қазіргі таңда облыс тұрғындарына екпенің Спутник V, Qazvac, Vero Cell түрлері салынуда.
Павлодар облысы
Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
Президент • Бүгін, 12:51
Президент АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады
Президент • Бүгін, 12:10
Мемлекет басшысы БАҚ саласындағы сыйлықтар мен гранттарды беру туралы өкімге қол қойды
Президент • Бүгін, 11:33
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Бүгін, 10:20
Ақтөбе облысында 6 ірі су қоймасы салынады
Аймақтар • Бүгін, 09:18
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • Кеше
Оқиға • Кеше
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • Кеше
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • Кеше
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • Кеше
Ұлттық банк рубльдің нығаю себебін түсіндірді
Экономика • Кеше
Петропавлда Қазақстан полициясының құрдасы қызмет етеді
Аймақтар • Кеше
Парламент • Кеше
ШҚО тұрғындарынан мина мен қару тәркіленді
Аймақтар • Кеше
Бүгін әлемде 400 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Президент ФИДЕ-нің ең жас чемпионы Малика Зиядинді құттықтады
Президент • Кеше
Антикор Нұрлан Мәсімов туралы мәлімет үшін сыйақы жариялады
ANTIKOR • Кеше
Аймақтар • Кеше
Екібастұз тұрғыны есірткімен ұсталды
Аймақтар • Кеше
Футболдан Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде көтерілді
Футбол • Кеше
АрселорМиттал Теміртаудағы апатқа жұмыс беруші кінәлі - комиссия
Қазақстан • Кеше
Алматыда жоғалған жасөспірім өлі табылды
Оқиға • Кеше
Еуропада коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Кеше
Әлем • Кеше
Ұқсас жаңалықтар