Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары Ауғанстандағы дағдарысты жағдайды шешуде, өңір мемлекеттерінің COVID-19-ға қарсы іс-қимыл бойынша күш-жігерін біріктірудегі, экономикалық өзара байланыстылық саласындағы мүмкіндіктерді іске асырудағы және климаттық дағдарысқа қарсы күрестегі зор әлеуетін атап өтіп, «С5+1» өңірлік дипломатиялық платформасының маңыздылығын растады. Елден кеткісі келетін шетелдік азаматтар мен ауғандықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің және Ауғанстанның инклюзивті үкіметін қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.