Аймақтар • 23 Қыркүйек, 2021

Жамбыл облысында сода өндіретін зауыт құрылысы басталды

403 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл - Индустрия 4.0 жаңа өнеркәсіптік құрылымы талаптарына сәйкес салынып жатқан Қазақстандағы алғашқы зауыт, деп жазады Egemen.kz.

Жамбыл облысында сода өндіретін зауыт құрылысы басталды

Экологиялық тұрғыдан таза кәсіпорын болады. «Кальцийлендірілген сода өндірісі» деп аталатын перспективалық инвестициялық жоба Индустрияландыру картасына енгізілген. Зауыт түрік инвесторлары – Yildirim Group компаниясының қатысуымен іске асырылуда.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында кальцийлендірілген сода өндірісі бойынша «Qazaq Soda» ЖШС зауытының іргетасын қалау рәсіміне қатысты.

«Зауыт іске қосылғанда еліміздің осы өнімге деген ішкі қажеттілігін толық қамтамасыз етіп, шикізат қауіпсіздігі мен импортты толық алмастырудан бастап, экспортқа бағдарланған заманауи кәсіпорын құруға дейінгі көптеген мәселелерді шешеді. Сонымен қатар, облыста жаңа тұрақты жұмыс орындары ашылып, бюджетке салық түседі», деп атап өтті Бейбіт Атамқұлов.

Жобаның негізгі ерекшеліктері: кальцийлендірілген сода өндірісі кезінде қалдықтарды кәдеге жарату процесін жетілдіруге байланысты бес патент; дистилляциялық шламнан жанама өнімдер өндіру (жылына 500 000 тонна шикі CaCl2 және жылына 100 000 тонна NaCl); кәсіпорынға жақын маңда - Сарысу ауданында жоғары сапалы әктас пен тас тұзының едәуір қорының бар екені.

Өнімнің негізгі тұтынушылары: «Қазақстан алюминийі» АҚ, «Ақтөбе хром қосылыстары зауыты» ЖШС, «Қазфосфат» ЖШС, «Қазмырыш» ЖШС сияқты еліміздің ірі кәсіпорындары.