23 қыркүйекте таңғы сағат 06:00 шамасында «Алматы – Ташкент» тас жолының 476 шақырымында Байзақ ауданының аумағында Audi-А4 және Toyota Camry автокөліктерінің соқтығысуы орын алды.
Жол апаты салдарынан алты адам оқиға орнында көз жұмды. Toyota Camry автокөлігінің екі жолаушысы түрлі жарақаттармен емдеу мекемелеріне жеткізілді.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.