© AP Photo, Frank Franklin II
Премьер-Министр жаһандық температураның сөзсіз көтерілетінін ескертіп, ел басшыларын осы экологиялық мәселені тоқтатуға күш салуға шақырды.
«Планетамызға ғана емес, өзімізге де зиян келтіретініміз үшін» барлық ел мойнына жауапкершілік алуы керек», деді ол Глазгодағы конференция алдында.
Премьер-Министр сонымен қатар ғалымдардың ескертуіне құлақ асатын уақыт жеткенін айтып, онжылдықтың соңына қарай елдер «елеулі өзгеріс» енгізуі тиіс екенін атап өтті.
«Мен мұны төрт бағыт бойынша: көмір, автокөлік, ақша және ағаш отырғызу бойынша міндеттемелер қабылдай отырып жасай алатынымызға сенімдімін», деді ол.