Оқиға • 23 Қыркүйек, 2021

Ақтөбе облысында жол апатынан бір кісі қаза тапты

203 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе облысында жан түршігерлік жол апаты орын алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбе облысында жол апатынан бір кісі қаза тапты

«22 қыркүйек, сағат 15:30-да Шұбарқұдық ауылынан Байғанинға қарай жүйткіп келе жатқан Lada Granta автокөлігінің 57 жастағы жүргізушісі (Байғанин ауданының тұрғыны) жолдың қарсы бетіне шығып, тізгінінде 30 жастағы жүргізуші болған МАЗ-712 автокөлігімен соқтығысқан», деп мәлімдеді Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Lada Granta автокөлігінің жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

Бұл дерекке сәйкес, ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 3-бөлігі, «Абайсызда кісі өліміне әкеліп соқтырған жол ережесін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.