Теннис • 23 Қыркүйек, 2021

Александр Бублик ширек финалға шықты

115 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан ATP Tour сериясындағы Astana Open турнирінің ширек финалына шыққан бірқатар тенниисшінің есімдері белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Александр Бублик ширек финалға шықты

АТР рейтингінде 34-орында тұрған еліміздің бірінші ракеткасы Александр Бублик осы турнирдегі соңғы үмітіміз еді. Алғашқы айналымда ол бос болды. Одан кейін отандасымыз Миомир Кецмановичпен кездесті. 22 жастағы Сербияның сайыпқыраны бұл күндері үздіктер тізімінде 60-сатыға жайғасты. Оның үстіне, Кецманович бірінші кезеңде Испанияның даңқты теннисшісі Фернандо Вердасконы ұтып, айды аспанға бір-ақ шығарған болатын. Бірақ бұл бәсекеде біздің жігіттің мықтылығы еш күмән туғызған жоқ. Ширек финалда Бублик Пиреней түбегінен келген Карлос Табернермен күш сынасады. 

Естеріңізге сала кетейік, айтулы жарыста төрт жерлесіміз бақ сынаған еді. Алғашқы айналымда екеуі жеңілді. Дмитрий Попко аустралиялық Джон Миллманнан ұтылды – 6:3, 1:6, 4:6. Михаил Кукушкин жасыл құрлықтың тағы бір өкілі Джеймс Даквордқа жол берді – 6:7, 1:6. 20 жастағы Тимофей Скатов тұсаукесер кездесуінде әлемнің бұрынғы 18 ракеткасы, италиялық Андреас Сеппиді жеңіп, кіші сенсация жасады. Алайда іле-шала ол беларуссиялық Илья Ившакоға есе жіберді – 2:6, 6:3.