Елордада ТМД-ға мүше мемлекеттер Бас прокурорларының үйлестіру кеңесінің жиыны өтіп жатыр. Осымен 31-рет ұйымдастырылып отырған іс-шараның ашылу салтанатына Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев, Қазақстан, Ресей, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Молдова, Тәжікстан және Өзбекстан мемлекеттерінің Бас прокурорлары қатысты.

Мемлекеттік хатшы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау сөзін оқып беріп, жиын жұмысына табыс тіледі.
«Сіздерді Қазақстанда қарсы алып жатқанымызға шын жүректен қуаныштымын. ТМД елдері Бас прокурорларының үйлестіру кеңесі – адам құқықтарын қорғау саласындағы үздік әлемдік практикаларды зерделеп, талқылайтын маңызды алаң. Өзара іс-қимылдың мұндай форматы – құқықтық саладағы тиімді халықаралық ынтымақтастықтың үлгісі. ТМД кеңістігінде заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін күш-жігер барған сайын сұранысқа ие болып келеді. Осы жағдайда үйлестіру кеңесі әріптестікті кеңейтуге және өңірдегі тұрақтылықты нығайтуға қомақты үлес қосады. Прокуратураның қызметі бүкіл құқық қорғау жүйесінің тиімділігінде, құқық үстемдігін қамтамасыз етуде және заң алдындағы теңдікте басты рөл атқарады. Қазақстан ТМД елдерінің қадағалаушы органдарының көпжылдық ынтымақтастығын жоғары бағалайды. Бүгін осы саладағы өзекті сауалдар жемісті талқыланып, бірлескен жұмыстың жаңа басымдықтары белгіленетініне сенімдімін. Отырысқа қатысушыларға табыс және алға қойылған барлық міндетті жүзеге асыруды тілеймін», делінген Президенттің құттықтауында.
Ресей Федерациясының Бас прокуроры Игорь Краснов отырысты аша отырып, Қазақстанның Бас прокуроры Ғизат Нұрдәулетовке бүгінгі іс-шараны ұйымдастырып, қазақ жерінде жылы шыраймен қарсы алғаны үшін және кеңестің барлық мүшесінің жеке кездесуіне мүмкіндік бергеніне ерекше ризашылығын білдірді.
«Пандемияның шиеленіскен жағдайында көптен күткен бұл кездесу Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен үйлестіру кеңесі хатшылығының ұжымдарының үйлесімді жұмысының нәтижесінде мүмкін болып отыр. Бұл біздің ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және өзекті мәселелерді бірлесіп шешуге бағыт алғанымыздың көрінісі», деді Ресей Бас прокуроры.
Ал Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Ғизат Нұрдәулетов іс-шараға қатысушыларды құттықтап, табысты жұмыс тілей отыра, осы бағыттағы бірлескен жұмыстың маңыздылығына тоқталды.
«Елдеріміздегі коронавирус жағдайының тұрақтануы іс-шараны дәстүрлі форматта өткізуге мүмкіндік беріп отыр. Мен баршаңызды есен-сау көргеніме қуаныштымын. Отырысқа Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Бас прокуратураларының делегациялары қатысуда.
Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша құқық қорғау блогы мен сот жүйесін реформалауға бағытталған үлкен жұмыс жүріп жатыр. Прокуратура органдарының қызметін қайта жүктеп жатырмыз десе де болады. Мұндағы мақсаттардың бірі – салалардың бәрінде, ең бірінші қылмыстық процестерде азаматтардың құқықтық кепілдігін күшейту. Бүгін біз тәжірибе алмасып, осы жұмыстың нәтижелері туралы айтып береміз», деді Ғизат Нұрдәулетов.
Осы жиын үшін елордаға арнайы келген Халықаралық прокурорлар қауымдастығының Президенті Чхоль-Кю Хван ТМД прокурорларына бірлескен кеңес өткізуді ұсынды.
«ТМД-ға мүше мемлекеттердің Бас прокурорларымен Қазақстан астанасында кездесіп отырғаныма өте қуаныштымын. Халықаралық прокурорлар қауымдастығының атынан ТМД-ға мүше мемлекеттер Бас прокурорларының үйлестіру кеңесінің 31-отырысымен құттықтаймын. ХПҚ Президенті ретінде мен үшін мұндай беделді мәжіліске қатысу – үлкен құрмет.
Халықаралық прокурорлар қауымдастығы осы үйлестіру кеңесінің мәжілістеріне 2017 жылдан бері қатысып келеді. ХПҚ сіздермен жақын әріптес болып үлгерді деген ойдамын. Халықаралық прокурорлар қауымдастығының Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы өкілдігі келесі айда Санкт-Петербургте ресми түрде жұмысын бастайды. Сондықтан ХПҚ ТМД Бас прокурорларының үйлестіру кеңесімен мейлінше тығыз байланыста жұмыс істейді деп күтеміз. Егер екі ұйым бірлескен өңірлік конференция өткізсе, келешектегі тығыз әріптестікті ынталандыруға жол ашылар еді. Мен ұйымдардың бірге жұмыс істеуін жалғастыратынына сенімдімін. Осы арқылы трансұлттық қылмысқа бірлесіп жауап бере аламыз деп ойлаймын. Осылайша, өзара тиімді нәтижелерге қол жеткізуге болады», деді Чхоль-Кю Хван.
Сонымен бірге ол Халықаралық прокурорлар қауымдастығы халықаралық прокурорлық қызметтің жұмысын ілгерілететін үлкен платформа құрып жатқанын хабарлады. Чхоль-Кю Хванның айтуынша, бұл платформа прокурорларға нақты кезеңде өзара әріптестік орнатуға мүмкіндік бермек.
Отырыс соңында ТМД елдері Бас прокурорларының үйлестіру кеңесі бірқатар қорытынды шешім қабылдады.
«Tiji» және «Nickelodeon» қазақша сөйлейді
Өнер • Кеше
Өнер • Кеше
Жүген ұстап қалмасақ жарар еді...
Аймақтар • Кеше
Өзбек дзюдошыларының деңгейі жоғары
Спорт • Кеше
Су қоймаларындағы балық қоры көбейеді
Экология • Кеше
Аймақтар • Кеше
Кіндігін таспен кескен тас тағдырлы тұлға
Тарих • Кеше
Қазақстан • Кеше
Театр музейінің тамаша табыстары
Театр • Кеше
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Сағат Әшімбаевтың өмірлік концепциясы
Әдебиет • Кеше
Орфандық аурулар: Дәрі-дәрмек жеткілікті ме?
Медицина • Кеше
1,5 млн бала сауықтыру лагерьлерінде демалады
Білім • Кеше
Руханият • Кеше
Салғырттық танытпауға шақырады
Қоғам • Кеше
Еңбек адамы қорғаусыз қалмайды
Қоғам • Кеше
Қантқа жұмыссыздықтың да қатысы бар
Қоғам • Кеше
Елді жаңарту мен жаңғырту кепілі
Референдум-2022 • Кеше
Аймақтар • Кеше
Саяси науқанға саналы түрде атсалысу міндет
Референдум-2022 • Кеше
Өзгерістердің мән-жайы түсіндірілді
Референдум-2022 • Кеше
Ақпараттандырудың тиімді тәсілдері қолданылады
Референдум-2022 • Кеше
Өңірдің жолы – әкім жұмысының айнасы
Үкімет • Кеше
Алтын қазушылар табиғатты бүлдіріп жатыр
Экология • Кеше
Экономика • Кеше
Референдумды халықтың 76 пайызы қолдайды
Референдум-2022 • Кеше
Референдум – қоғамдағы ең басты тақырып
Қоғам • Кеше
Pfizer екпесінің 500 мыңнан астам дозасы сатып алынады
Медицина • Кеше
Еліміздің 13 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Түркістанның 318 тұрғынын кене шаққан
Қоғам • Кеше
Алматы зообағы қонжықпен толықты
Экология • Кеше
Каспий теңізіне қызғылт-сары белгісіз сұйықтық төгілген
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар