Дөңгелек дүниені дүрліктірген індеттің шартарапты шарлап жүргеніне бір жарым жылдан асты. Елдің көбісі елең-алаң күй кешіп жүргені белгілі. Еті үйреніп еркінсіп кеткендер де баршылық. Ертеңін ойлап екпе алғандар да аз емес. Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратына сүйенсек, 2021 жылғы
23 қыркүйектегі мәлімет бойынша Қазақстанда бірінші компонентпен 7 408 957 адам, екінші компонентпен 6 289 238 адам вакцина салдырды.

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиялық ахуалды бағалау матрицасына назар салсақ, «қызыл аймақта» Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары және Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстары, «сары аймақта» Шымкент қаласы және Атырау, Алматы, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары, ал «жасыл аймақта» Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары тұр.
Бүгінде 66 215 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 11 653 пациент стационарда, 54 562 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Індетке шалдыққандардың арасында 962 адамның жағдайы ауыр, 239 пациенттің жағдайы өте ауыр, 131 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Елімізде өткен тәулікте
3 905 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Аймақтар бойынша айтар болсақ, Нұр-Сұлтан қаласында – 200, Алматы қаласында – 848, Шымкент қаласында – 72, Ақмола облысында – 201, Ақтөбе облысында – 137, Алматы облысында – 578, Атырау облысында – 265, Шығыс Қазақстан облысында – 193, Жамбыл облысында – 82, Батыс Қазақстан облысында – 136, Қарағанды облысында – 399, Қостанай облысыда – 142, Қызылорда облысында – 59, Маңғыстау облысында – 98, Павлодар облысында – 312, Солтүстік Қазақстан облысында – 163, Түркістан облысында 20 адам коронавирус инфекциясынан айықты. Қазақстан бойынша жалпы індеттен жазылғандар саны – 801 673 адам.
Халықтың жаппай вакцина салдыруы – берекемізді әбден қашырып, амандығымызға зор қаупін төндіріп тұрған індеттен біржола құтылудың бірден-бір амалы. Ал коронавирустың мутацияға ұшырып қайта күшейген шағында көпшіліктің көкейінде «Еліміздегі қолжетімді вакциналар коронавирустың жаңа штамдарына қаншалықты төтеп бере алады?» деген сұрақтың туындағаны анық. Бұл ретте Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары зерттеулер жүргізіп, отандық QazVac вакцинасы «Дельта» штамынан тиімді қорғайтынын хабарлады.
Ғалымдар бейтараптандыру реакциясына тест өткізді. Нәтижесінде, вирусты бейтараптандыратын антиденелер клиникалық зерттеулерге қатысқан еріктілердің 90%-нан астамында анықталды. Сондай-ақ зертханалық жануарларға тәжірибелер жүргізілді. QazVac вакцинасынан кейін аламандарда пайда болған антиденелер коронавирустың «үнді» штамын бейтараптандыруға қабілетті екені анықталды.
Осы орайда коронавирусқа қарсы QazVaс вакцинасын Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары әзірлегенін айта кеткен жөн.
Үкімет зейнет жасын төмендету мәселесін талқылаған жоқ – Вице-Премьер
Қоғам • Бүгін, 12:10
Көкшетауда полиция облыстық соттың ғимаратын қоршауға алды
Аймақтар • Бүгін, 12:02
Қостанай халықаралық әуежайына Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілді
Қоғам • Бүгін, 12:01
Мүгедектігі бар 7 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты
Қоғам • Бүгін, 11:53
Қаржы министрі қанша жалақы алатынын айтты
Қазақстан • Бүгін, 11:43
ҰҚК дәрілік заттардың контрабандасының жолын кесті
Қоғам • Бүгін, 11:38
Техаста қараусыз қалған жүк көлігінен 46 адамның мәйіті табылды
Әлем • Бүгін, 11:22
Мемлекеттік қызметтер мобильді қосымша арқылы жиі алынады
Қоғам • Бүгін, 11:08
Семейде 3 жасар бала алтыншы қабаттан құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 11:00
Үкімет жұмысына жұртшылық пен БАҚ сынының себептері аталды
Қазақстан • Бүгін, 10:52
Есеп комитетінің мүшесі қызметінен босатылды
Қазақстан • Бүгін, 10:43
Әлихан Смайылов БАҚ өкілдерін құттықтады
Үкімет • Бүгін, 10:39
БАҚ саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде
Қазақстан • Бүгін, 10:35
Еркеш Мәукен Жоғарғы соттың судьясы болып сайланды
Тағайындау • Бүгін, 10:27
Өткен тәулікте 61 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 10:15
Қазақстанда 5 мыңнан астам БАҚ тіркелген
Қоғам • Бүгін, 09:55
Мұнай бағасы қымбаттауы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 09:38
Маймыл шешегі 50 елде анықталды - ДДҰ
Әлем • Бүгін, 09:25
Александр Бублик Уимблдон турнирін сәтті бастады
Теннис • Бүгін, 09:18
Неапольда Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Әлем • Бүгін, 09:05
Халықаралық стартап байқауында үздік шықты
Аймақтар • Бүгін, 08:40
Спорт • Бүгін, 08:38
Спорт • Бүгін, 08:37
Спорт • Бүгін, 08:35
Қазақстан • Бүгін, 08:33
Мүлікті цифрлы қолтаңбасыз тіркейді
Қоғам • Бүгін, 08:30
Электронды бақташының ерекшелігі
Аймақтар • Бүгін, 08:25
БАҚ-тан бата алған баспасөз хатшысы
Қоғам • Бүгін, 08:15
Сурдлимпиада: Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттады
Спорт • Бүгін, 08:10
Президент БАҚ қызметкерлерін құттықтады
Президент • Бүгін, 08:05
Өңдеу өнеркәсібінде өсім жоғары
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Ғылым академиясына қандай өзгеріс керек?
Ғылым • Кеше
Жаңа Қазақстан журналистикасы: даму бағыты
Қазақстан • Кеше
Медиаконтент: Мүмкіндіктер мен жетістіктер
Қазақстан • Кеше
Әлеуметтік мәртебесі жоқ мамандық
Қоғам • Кеше
Қымыз өндірісі өрге баспай тұр
Қазақстан • Кеше
Экономика • Кеше
Руханият • Кеше
Әдебиет • Кеше
Ұқсас жаңалықтар