Әлем • 24 Қыркүйек, 2021

Ресейде қоғамға қауіпті оқушылар анықталатын болады

181 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресей билігі қоғамға қауіп төндіруі мүмкін оқушыларды анықтау керек деген шешімге келді, деп жазады Egemen.kz.

Ресейде қоғамға қауіпті оқушылар анықталатын болады

Осы мақсатта ел қазынасынан 1,5 млрд рубль бөлінбек. Бұл шамамен 10 млрд теңге. Арнайы ойластырылған бағдарлама бойынша оқушылардың жазбаша жұмыстарын зерттеу арқылы олардың өзіне және өзгеге қаншалықты қауіпті екені анықталмақ.

Айта кетейік, жаңа заң жуырда Пермь қаласындағы оқиғадан кейін қолға алынды.