Аймақтар • 24 Қыркүйек, 2021

Бассейнде уланған балалардың ата-аналары мәлімдеме жасады

363 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы бассейндерінің бірінде уланған балалардың ата-анасы оқиғаның мән-жайын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бассейнде уланған балалардың ата-аналары мәлімдеме жасады

Ата-аналардың бейне хабарламасы Instagram-да жарияланған. 

«Біздің балаларымыз жаттығу кезінде судағы хлормен уланды. Қазір бәрі жақсы. Жағдайлары тұрақты. Балалар дәрігерлердің қатаң бақылауында. Оларға сүт ішкізіп, уақытында көмектескен. Алғашқы көмек көрсеткен жаттықтырушыларымызға рахмет. Ешқандай шағым жоқ. Тезірек сауығып кетеміз деп үміттенеміз», деді зардап шеккен қыздардың бірінің анасы.

Тағы екі ата-ана да жаттықтырушыларға алғысын білдіріп, бассейн әкімшілігіне наразылықтары жоқ екенін атап өтті.

Бұған дейін Алматы Қоғамдық денсаулық басқармасы бассейнде 11 баланың уланғаны туралы хабарлады. Бассейн өкілі түсіндіргендей, бір апта бұрын суды хлорлаудың жаңа аппараты орнатылды, ол кенеттен істен шығып, бассейн суына хлор шығарған. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.