«23 қыркүйек түнгі сағат 23:15 шамасында Жуалы ауданының Б.Момышұлы және Қошқарата тас жолдарының 24-шақырымында Audi-80 және ЗИЛ-130 автокөліктерінің соқтығысты. Салдарынан автокөліктер өртке оранып, Audi-80 автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды», деп жазады Polisia.kz.
ЗИЛ-130 автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы түрлі жарақаттармен Жуалы ауданының орталық ауруханасына жеткізілген.
Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жол-көлік оқиғасының себептері анықталуда, бірқатар сараптамалар тағайындалды.
ҚР Қылмыстық істер жөніндегі кодекстің 201-бабы негізінде тергеу мүддесінде істің мән-жайы жария етілмейді.