Әлеуметтік желілерде ер адамның полициямен сөйлесіп тұрғанын және оның көлігіне тінту жүргізілгені түсірілген видео пайда болды. Видеоны түсірушінің айтуынша, ер адам баланы балабақшаға әкелгенін, бірақ күзетші оны кіргізгісі келмегенін білуге болады. Содан кейін ол тапаншамен қорқыта бастаған. Күзетшілер полиция шақырған.
Қазіргі уақытта тексеру жүргізіліп жатыр, заңнамаға сәйкес шаралар қабылданатын болады.