Әлем • 24 Қыркүйек, 2021

Пермьде қанды қырғын салған жігіт есін жиды

185 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Mash Telegram арнасының хабарлауынша, Пермьде атыс ұйымдастырған жігіт есін жиған, сондай-ақ амнезияға ұшыраған, деп жазады Egemen.kz.

Пермьде қанды қырғын салған жігіт есін жиды

Бірнеше күн бұрын жарақат салдарынан аяғы кесілген Тимур Бекмансұровтың жағдайын дәрігерлер ауыр деп бағалаған. 

«Қазір оның беті бері қарағанмен, еске түсіру қабілеті нашарлаған. Тимур Бекмансұров амнезияға ұшырап, Пермьдегі ЖОО-да атыс, қайғылы жағдай есінде жоғын айтты», делінген Mash Telegram арнасының хабарламасында.

Еске салайық, 20 қыркүйекте студент Пермьдегі жоғары оқу орнына кіріп, адамдарға оқ жаудырған. Оның шабуылынан алты адам қаза тапты.