Қоғам • 24 Қыркүйек, 2021

Діни бірлестік өкілдері Президент Жолдауын талқылады

247 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның діни бірлестік өкілдері жиналысының кезекті отырысында Мемлекет басшысының «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген негізгі мақсаттарды талқылады, деп жазады Egemen.kz.

Діни бірлестік өкілдері Президент Жолдауын талқылады

Іс-шараға ҚР АҚДМ Дін істері комитетінің, «Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев Орталығының» басшылығы, сондай-ақ Қазақстан діни бірлестік өкілдері қатысты.

«Отырысқа қатысушылар «Барлық азамат кез келген қазақстандықтың әлеуметтік мәртебесіне, саяси көзқарасына, ұлтына және діни сеніміне қарамастан елде үйлесімді этносаралық және конфессияаралық қатынастар қалыптасқанын бағалау керек» деген пікірге келісетінін көрсетті», деп жазылған Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз хабарламасында.