Спорт • 24 Қыркүйек, 2021

Қазақстандық боксшы Ұлыбританиядағы үздік рейтингке енді

323 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Боксты ұйымдастыру жөніндегі менеджер компаниясы және MTK Global MMA өзінің Instagram парақшасында ашық дауыс беруді ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандық боксшы Ұлыбританиядағы үздік рейтингке енді

Рейтингке жетінші орынды иеленген қазақстандық боксшы Сұлтан Заурбек енді.

Жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы Джош Тэйлор топ-9-да бірінші орынды еншілесе, екінші болып ауыр салмақтағы WBC чемпионы Тайсон Фури атанды. Ал үшінші орынды орта және супер орта дивизиондардағы бұрынғы WBO титулының иегері Билли Джо Саундерс иеленді.

Қазақстандық спортшы Сұлтан Заурбек екінші жеңіл салмақтағы WBO European чемпионы белбеуінің иегері.