Аймақтар • 25 Қыркүйек, 2021

«Ұзынағаш-Отар» автомобиль жолы қашан жөнделеді?

624 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Ұзынағаш-Отар» автомобиль жолы 2024 жылға дейін жөнделеді, деп хабарлайды Egemen.kz Автомобиль жолдары комитетіне сілтеме жасап.

«Ұзынағаш-Отар» автомобиль жолы қашан жөнделеді?

ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитеті EH ESER Taahhut Ve Sanayi Anonim Sirketi түрік компаниясымен республикалық маңызы бар «Ұзынағаш-Отар» автомобиль жолының 101-143 шақырымындағы учаскесін реконструкциялау бойынша келісімшарт жасасты

«Реконструкциядан кейін жол білікке 13 тонна есептік жүктемемен 4 жолақты қозғалысы бар 1б санатты болмақ. Жоба бойынша ауыл шаруашылығы техникасының өтуі үшін 2 жол өтпесін, 32 су өткізу құбырын және 6 автобус аялдамасын салу көзделген. Реконструкция жұмыстары 2024 жылы аяқталады деп күтілуде», деп хабарлады комитеттен.