Үкімет • 25 Қыркүйек, 2021

Сенатта кедендік әкімшілендіру мәселелері талқыланды

147 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары Алматы облысында көшпелі отырыс өткізіп, ақпараттық жүйе арқылы мемлекеттік қызметтер көрсетуге, кеден ісі саласындағы электрондық сүйемелдеуге және оны әкімшілендіруді жетілдіруге қатысты мәселелерді талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сенатта кедендік әкімшілендіру мәселелері талқыланды

Сенат комитетінің төрағасы Ольга Перепечина кедендік және салықтық әкімшілендіруді жетілдіру мәселесі отандық кәсіпкерлікті дамыту үшін маңызды екенін атап өтті.

«Республикалық бюджет пен оның атқарылуы туралы есептерді қарау кезінде сыртқы экономикалық қызмет, кедендік әкімшілендіруді жетілдіру, сондай-ақ салықтық әкімшілендіру маңызды әрі өткір мәселелердің бірі болып табылады», деді Ольга Перепечина отырыс барысында.

Қаржы министрінің орынбасары Марат Сұлтанғазиев көшпелі отырысқа қатысушыларға кедендік электрондық декларациялау туралы айтты. Ол пандемия кезінде кеден қызметтерін қашықтан ұсыну 100% жүзеге асқанын айтты. Дегенмен, министрдің орынбасары кедендік әкімшілендіруді толық жетілдіру үшін барлық процестерді кең ауқымда одан әрі цифрландыру қажет деп санайды.

Сенатор Ольга Перепечина отырысты қорытындылай келіп, ұсынылған материалдарды талдау негізінде Комитет уәкілетті мемлекеттік органдарға жіберілетін қосымша ұсынымдар әзірлейтінін хабарлады.

о