Аймақтар • 25 Қыркүйек, 2021

Шымкентте карантин режимі ұзартылды

191 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкенттің бас мемлекеттік санитар дәрігері Әбдіманап Төлебаев қала аумағында карантин режимін ұзарту туралы жаңа қаулы жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкентте карантин режимі ұзартылды

«Шымкент қаласында карантин режимі және коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі шектеу іс-шаралары эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін ұзартылсын», делінген құжатта.

Жаңа қаулыға сәйкес, 65 жастан асқан адамдардың қалада жүруі шектеледі. Қоғамдық орындарда бетперде кию, әлеуметтік арақашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану талаптары қатаң сақталуы керек. Сауда орындарында, халыққа қызмет көрсету саласындағы нысандарда және адамдар көп жиналуы мүмкін орындарда күнделікті дезинфекциялық іс-шаралар жүргізіледі.

«Ashyq» жобасына қатысушы барлық объектілер үшін сағат 00.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшылары үшін – сағат 02.00-ге дейін; демалыс күндері – сағат 02.00-ге дейін, қызметкерлер мен келушілерде «жасыл мәртебе» болған жағдайда (вакцинация, сынама алған кезден бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тест, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, ауырып жазылған адамдар соңғы 3 ай ішінде) «Ashyq» жобасының көшбасшылары үшін – сағат 02.00-ге дейін рұқсат етіледі.

Қаулының толық мәтінімен мына сілтеме арқылы танысуға болады.