Әлем • 26 Қыркүйек, 2021

Ядролық қару - адамзаттың басты қатері

1252 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерреш әлем ядролық қару салдарынан жойылуға жақын тұрғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.

Ядролық қару - адамзаттың басты қатері

Оның айтуынша, әлемде ядролық қарудың шамамен 14 мың бірлігі сақталған. Апаттың алдын алу үшін ол осы мәселені шешуде сындарлы шараларға көшуге шақырды.

«Ядролық қақтығыс қауіпін біржола жойып, біздің әлемді ядролық қарудан құтқарып, сенім мен бейбітшіліктің жаңа дәуірін жариялайтын уақыт келді», деп жазды Гутерреш өзінің Twitter-дегі парақшасында.

Бүгін, 26 қыркүйекте Әлем бойынша ядролық қаруды толық жою үшін халықаралық күрес күні атап өтіледі. Оны 2013 жылғы 5 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы адамзат үшін осындай қару-жарақтың пайда болу қаупі туралы, сондай-ақ одан толықтай құтылу қажеттілігі туралы халықты ақпараттандыру және ағарту деңгейін арттыру мақсатында құрды.