Осылайша, өндірістік жарақаттану деңгейі 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2,9%-ға өсті (өткен жылдың 8 айында 912 адам зардап шекті). Бұл ретте өндірістік жарақаттанудан болатын өлім-жітім 12,3%-ға төмендеді (2020 жылы өндірісте 130 адам қаза тапты).
Өндірістік жарақаттанудың жоғары деңгейі бұрынғыдай Қарағанды (169 адам зардап шекті), Шығыс Қазақстан (111 адам), Павлодар (77 адам), Қостанай (73 адам), Ақтөбе (72 адам) облыстарында сақталуда.
Экономика салалары бойынша зардап шеккендердің ең көп саны тау-кен металлургия кешені кәсіпорындарында – 134 адам (19,4%) және құрылыс саласында – 80 адам (11,6%) байқалады.